Туризмге құйылған инвестиция 1,2 трлн теңгеден асты

Елімізде туризмге құйылған инвестиция көлемі 32 пайызға өсіп, 1 триллион 200 миллион теңгеден асты.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді. 

Министрдің сөзінше, былтыр туристік орындардағы демалушылар саны 12 пайызға артып, 10 млн адамға жеткен. Ал Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық индексінде Қазақстан 66-шы сатыдан 52-ші орынға көтерілнен. Ендігі мақсат туризм бойынша үздік 50 елдің қатарына кіру. Демек инвестициялық ахуалды әлі де дамыту қажет. Бұл мақсатта қазір 300-ден аса инвестициялық жоба қолға алынған. Бұған сәйкес, жаңа қонақ үй кешендері бой көтеріп, демалыс аймақтарына жөндеу жүргізіледі. Нәтижесінде 10 мыңға жуық тұрақты жұмыс орындары пайда болмақ.