Конституциялық реформа Парламенттің ықпалын күшейтеді
Конституциялық реформа – билік тармақтарының кәсібилігін арттырып, Парламенттің ықпалын күшейтуге мүмкіндік береді.
Бұл Өзбекстан президенті жанындағы стратегиялық реформалар агенттігі директорының орынбасары Абдулла Абдукадыровтың пікірі. Саясаттанушының айтуынша, Қазақстандағы саяси реформалар мемлекеттік органдардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттырып, теңгерімді билік моделін қалыптастыруға жол ашады.
Абдулла Абдукадыров, Стратегиялық реформалар агенттігі директорының орынбасары:
- Парламент консультативті кеңес мүшелерінің пікіріне құлақ асуы мүмкін – деген бастама өте маңызды дер едім. Себебі тәжірибелі сарапшылар мен депутаттар бірін-бірі шыңдай отыра, билік тармағының кәсібилігін арттырады. Жалпы айтқанда, «Күшті Президент, ықпалды Парламент, есеп беретін Үкімет» формуласына толықтай сәйкес келеді.