Ақтөбе облысындағы шағын өзен-көлдерде балыққа ауа жіберіп жатыр

Себебі мұз қалыңдаған сайын, оттегі жетпей, қырылу қаупі туындады. Табиғатты қорғау инспекторлары мен еріктілер су қоймаларында ойық ойып, оттегімен байыту жұмысын жүргізді. 

Мансұр Есқожин, тілші:

- Сазды суқоймасының деңгейі қыста шамамен 1,5 -2 метр. Мұздың қалыңдығы шамамен 50 см таяған. Өзеннің таяз тұсында су жәндіктерінің қырылу қауіпі төніп тұр. Сондықтан суды оттегімен байыту шаралары қолға алынды.

Өзен-көлдердегі оттегі көлемін балық шаруашылығы инспециясы мамандарының назарында. Олар су бетіне мұз қатқан сәттен бастап шағын суқоймаларды оксиметр құрылғысымен бақылайды.

Сақтапберген Иван, «Тобыл-Торғай» облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының бас маманы:

- Негізі балықтарға миллиграмм-литріне 4-5 тен жоғары болуы керек. 4-5 түсіп кеткен жағдайда, балықтардың өлу қауіпі туындайды. Температура бізде қазір минус үш градус болып тұр суда. РН 12,69 көрсетіп тұр. Оттегі 6,5-6,4 көрсетіп тұр. Бұл бізде қалыпты жағдай.

Балықтың экожүйесін қалыпты сақтау үшін мұз ойылып, шұңқырларға қамыс салынды. Нәтижесінде судағы оттегі көлемі артып, балдырдың шіруінен түзелетін улы газдың деңгейі азаяды.

Әділбек Сұлтанов, Облыстық балық инспекция бөлімінің бас маманы:

- Бұл іс-шара жыл сайын жүргізілетін іс шара болып табылады. Ақтөбе облысының балық тұншығу қауіпі бар барлық су айдындарында тұрақты түрде жүргізіледі.

Мирболат Өтеғұлов, Облыстық спорттық балық аулау федерациясының төрағасы:

- Үлкен суқоймаларда мұндай шараларды өткізіп қажет емес. Балықшылар мұзды күнде ойып жатқандықтан оттегі жеткілікті. Тек таяз тоғандарда балықтардың қырылу қауіпі бар. Сондықтан балық аулап қана қоймай, қоршаған ортаның қауіпсіздігін де ойлауымыз қажет.

Өзен-көлдердегі ихтиологиялық мониторинг сең қозғалғанға дейін жалғасады. Балыққа а қауіп төнген жағдайда жауапты мамандарға балықшылар мен еріктілер қолұшын созуға дайын. 

Авторлары: Мансұр Есқожин, Болатбек Молдағалиев, Айбек Даутов