Талдықорғанда газ толы екі цистерна аударылды

Талдықорған қаласында пойыздың газ құйылған екі цистернасы рельстен шығып, аударылды.

Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Қауіптің алдын алу мақсатында арнайы штаб құрылып, оқиға болған аумақ толықтай қоршауға алынды. Сонымен қатар Абылайхан көшесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды. Қазіргі уақытта арнайы техника көмегімен аударылған цистерналарды қалпына келтіру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.

Игорь Жуков, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

- Қазіргі уақытта мұнда Төтенше жағдайлар қызметінің барлық бөлімшелері мен құқық қорғау органдары, полицейлер  жұмыс істеп жатыр. Цистернадан газ шығуы тіркелген жоқ. Технологиялық процесс талаптарына сәйкес сұйықтықты  тасымалдаушы көліктерге құю және оларды газ жинақтау станцияларына жеткізу жұмыстары жүргізілуде.