IT сектордағы табыс 800 млн долларға жеткен

Былтыр еліміздің IT сектордағы жалпы табысы 800 млн долларға жеткен. Бұл бұған дейін тіркелген көрсеткіштен 20%-ға көп деген сөз.

Бүгінде Қазақстандағы стартап-экожүйені дамыту жұмыстары Astana Hub алаңында жүзеге асуда. Онда 2 мыңнан аса компания жұмыс істейді. Яғни стартаперлер өз жобалары арқылы халықаралық нарыққа шыға алады. Осының нәтижесінде елдегі айти қызметтер экспорты 1 млрд АҚШ долларын құраған. Ал жалпы алғанда бүгінде цифрлық секторда 185 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Орташа айлық жалақы 54 пайызға өскен.