Атырауда оқушылардың есірткіге тәуелділігі тексеріледі
Атырауда алғаш рет оқушылардың есірткіге тәуелділігі тексеріледі. Қазір облыстық Білім басқармасы 63 мыңға жуық оқушы мен студенттің ата-анасынан жазбаша келісім алу жұмыстарын бастады.
Мұндағы мақсат – есірткіге әуестікті ерте анықтап, алдын алу,- дейді мамандар. Наркоскринингке 10-11 сынып оқушылары мен колледждердің 1-курс студенттері ата-аналарының келісімімен қатыстырылады. Мамандар ата-аналарға алаңдауға негіз жоқ деп отыр. Бұл жұмыстарды облыстық Психикалық денсаулық орталығы білім беру басқармасымен бірлесе отырып, Денсаулық сақтау министрінің №104 бұйрығына сәйкес жүзеге асырады.
Темір Есенгелдин, облыстық Психикалық денсаулық орталығының психиатр-наркологы:
- Қазіргі таңда наркоскрининг жөнінде дайындықтар жүріп жатыр. Анықтау үшін жасөспірімдердің зәрінен алып, қазір 11 түрлі наркотик бар, соны анықтаймыз. Жастарға, балаларға біз ешқандай вакцинация сияқты ештеңе өткізбейміз.