Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің үшінші отырысы өтті
Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің үшінші отырысында дәрі-дәрмектердің шекті бағасын қалыптастыру мәселесі пысықталды.
Жиынға Вице-премьер – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин төрағалық етті. Онда Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС тізбелеріне кіретін дәрілік заттардың, сондай-ақ орфандық және әлеуметтік маңызы бар аурулардың импорты мен дәріхана желілеріндегі бөлшек саудасына қатысты мәселелер көтерілді. Талқылау қорытындысы бойынша, Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп, қысқа мерзімде бірыңғай ұстанымды әзірлеп, оны фармацевтикалық қоғамдастықтың назарына жеткізуі тиіс.