Жұқпалы аурулардың 80%-ы балалар арасында тіркеледі
Жұқпалы аурулардың шамамен 80%-ы балалар арасында тіркеледі. Былтыр елде 4 200 адам қызылшаға шалдықса, соның 3 600-ден астамы балалар мен жасөспірімдер.
Денсаулық сақтау министрлігінің «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» өкілінің айтуынша, аурудың таралуына уақытында вакцина салдырмағандардың әсерінен дейді. Мысалы, екпе алуы қажет 3 мыңнан астам баланың жартысынан көбі ата-аналарының өз еркімен бас тартуы салдарынан вакцина алмаған.
Манар Смағұл, ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Басқарма төрағасының орынбасары:
- Эпидемиологиялық зерттеу барысында біз негізінен вакцина алмаған балаларға назар аударып отырмыз. Оларға иммунизацияның маңыздылығын түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл деректер балалар мен жасөспірімдерге бақылауды күшейту қажеттігін көрсетеді және бұл әлеуметтік маңызды, басым бағыт болып табылады.