Экология мен адам денсаулығын Конституциялық құндылық ретінде бекіту ұсынылды
Қазба байлықтарды игеру кезінде экологиялық қауіпсіздікті сақтауға басымдық берілу керек. Бұл талап жаңа Конституцияда нақты бекітілуге тиіс.
«Байтақ» жасылдар партиясының Саяси кеңесі осындай бастама көтеріп, Ата заң жобасының 8-бабын жаңа тармақпен толықтыруды ұсынды. Жиынға қатысушылар табиғи ресурсты пайдалану барысында қоршаған ортаны қорғау мәселесі бірінші орында тұруы қажет дейді. Олардың айтуынша, бұл әділетті әрі жауапты мемлекет қағидаттарына толық сәйкес келеді. Сонымен қатар «Экология және адам денсаулығы» ұғымын Конституциялық құндылық және елдің тұрақты дамуының негізі ретінде бекіту ұсынылды. Жалпы алғанда партия мүшелері жаңа Конституция жобасында экология мен адам денсаулығы алғаш рет тікелей ұштасқанына оң баға беріп отыр.