Электр энергиясына қажеттілік толығымен жабылады

Келер жылы еліміз электр энергиясына ішкі қажеттілігін толығымен жабады. Ал 2029 жылға қарай тұрақты профицитке қол жеткізеді.

Қазір Үкімет салаға қатысты Президент тапсырмаларын жүзеге асырып жатыр. Қабылданған шаралар белгіленген қуатты арттыруға, жаңа генерацияны жаңғыртуға және энергетикалық қауіпсіздікті арттыру үшін инвестициялық тетікті қалыптастыруға жол ашып отыр.

Ерлан Ақкенженов, ҚР Энергетика министрі:

- Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, көмір генерациясын дамытуға арналған ұлттық жоба әзірленіп жатыр. Ең бастысы таза көмір технологиясына басымдық беріледі. Жоспарға жалпы қуаты 7,6 ГВ болатын жобалар енді. Көкшетау, Өскемен және Семейде жаңа ЖЭО салу үшін жобалар басталып, алаңдар дайындалуда.