Қостанай облысында екі энергетикалық нысан салынады

Қостанай облысында ең ірі жел электр станциясы салынады. Қуаты 1000 МВт. Бұған қоса, 300 МВт-тық электр энергиясын жинақтау жүйесін де іске қосу жоспарланған, деп хабарлайды 24KZ.

Себебі Президент жаңартылатын энергия көздерін дамытуды тапсырған болатын. Қос нысан бойынша энергетика министрлігі мен «Turan Wind Energy» серіктестігі келісімге келген. Премьер-министр қаулыға қол қойды. Жобаға 380 млрд теңге инвестиция тартылған. Құрылыс алдағы 2 жылда жүргізіліп, пайдалануға берілмек. Осылайша, біртіндеп баламалы қуат үлесін 2030 жылға қарай 15%, ал 2050 жылға қарай 50%-ға дейін жеткізу көзделген.

Ержан Ертаев, ҚР Энергетика министрінің орынбасары:

- Құрылыс кезінде шамамен 700 жаңа жұмыс орны ашылып, ал нысан пайдалануға берілгеннен кейін 50 тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіледі. Осылайша, жобаны іске асыру өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беріп, энергетикалық инфрақұрылымның тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыз: