Газада энергетикалық дағдарыс ушықты

Газа секторында энергетикалық дағдарыс күшейді. Анклавта отын мен қосалқы бөлшектер тапшы. Салдарынан электр генераторлары істен шығып жатыр. Әсіресе ауруханаларға қиын тиіп отыр.

Өйткені дәрігерлер электр қуатын үнемдеу үшін жарықты уақытша өшіруге мәжбүр. Мамандардың айтуынша, төрт генератордың біреуі толық істен шыққан. Бұл тыныс алу аппараттарына қосылған науқастардың өміріне қауіп төндіреді. Жалпы қала ішінде отын тапшылығына байланысты электр энергиясының бағасы 20 есе қымбаттаған. Мұндай шығынды көп отбасының қалтасы көтермей отыр. 

Сондай-ақ оқыңыз: