Астанада «Таза Қазақстан» акциясы өтті
Астанада «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті.
Шараға партия белсенділері, бастауыш партия ұйымдарының өкілдері және жастар қатысты. Қатысушылар Сәкен Сейфуллин атындағы музей аумағын қардан тазартып, жаяу жүргіншілер жолындағы мұзды ойды. Акция тұрақты өтіп, жастар арасында игі дәстүрге айналған. Партия өкілдері мұндай бастамалар азаматтық жауапкершілік пен қоғамға жанашырлықты арттыратынын атап өтті. Шара соңында белсенділер музеймен танысты.
Арайлым Абдуалиева, «AMANAT» партиясы Сарыарқа аудандық филиалының консультанты:
- Бұған дейін біз Агротехникалық университеттің студенттерімен экологиялық жауапкершілікті арттыру, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған ортаны таза ұстау бағытында оқыту жұмыстарын өткіздік. Қазіргі таңда сол оқытудың аясында жастармен бірлесіп тазалық акцияларын ұйымдастырып жатырмыз.