Түркібасы әулие аумағы тазартылды

Дәстүрлі «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы Түркістан облысының Түлкібас ауданында ұйымдастырылды.

Табиғатты қорғауға арналған іс-шара ұлтымыздың рухани дүниетанымымен ұштасып, қоғамда тазалық мәдениетінің орнықты болуына арналды. Тазалық шарасына «AMANAT» партиясының өкілдері мен Мәслихат депутаттары, ардагерлер мен жастардан құралған 30 белсенді қатысып, Түркібасы әулие аумағын күл-қоқыстан тазартты. Акцияға қатысушылар қасиетті орынға деген құрмет тазалықтан басталуы керек деген ұстанымдарын білдірді.

Ержан Жүнісов, «АMANAT» партиясы Түлкібас аудандық филиалының төрағасы:

- Оңтүстікке көктем ерте келеді. Соның ішінде біздің Түлкібас ауданында көктем өз реңін білдіріп жатыр. Қарлардың барлығы еріп, жан-жағымыздың барлығы ашылып жатыр. Сол өңірлерімізді тазалыққа шақырайық деген оймен «Таза бейсенбі» акциясы аясында жергілікті халықтың жүретін жерлері, ауданымызға келіп жатқан қонақтардың көп жүретін жерлеріне көңіл бөліп жатырмыз.