Конституциялық реформа – ұзақ мерзімді даму кепілі
Қызылордада «Ауыл» партиясының мүшелері Конституциялық реформаны талқылап, өзара пікір алмасты.
Жиынға облыстық және аудандық Мәслихат депутаттары, партия белсенділері қатысты. Кездесуде жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары мен мазмұны кеңінен таныстырылды. Конституциялық реформаның уақыт талабынан туындаған маңызды қадам екені айтылды. Құжаттағы «Адал азамат», «Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан» тұжырымдамалары сөз болды. Сондай-ақ Парламент құрылымына қатысты ұсыныстар талқыланды.
Қуаныш Сейтжанов, «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары:
- Астана қаласында орталық саяси кеңес, партия төрағасының бастауымен кеңейтілген саяси кеңес отырысы өткізілді. Сол саяси кеңес отырысында қазіргі ұсынылған жаңа Конституция жобасы толықтай талқыланды. Сол шешімдердің негізгі бағыттары өңірлердегі біздің партия белсенділеріне, депутаттарымызға және өңірлердегі активке таныстырылуда. Бүгінгі негізгі бас қосуымыздың мақсаты – осы.