Некеге негізделген бап

Елде жылына 20 қыз алып қашу дерегі тіркеледі. Көшеде кезіккендердің көбі мұндай келеңсіз оқиғаға тап болғандарын мойындаған.

Яғни мамандар 3 мың респондентке сауалнама жүргізіп, олардың 10 пайызынан «иә», - деген жауап алған. Бірақ Қазақстандық қоғамдық даму институты кейінгі жылдары некелесу мен ажырасу көрсеткіші бірдей төмендеп жатқанын жеткізді. Бұған негізінен азаматтар отбасылы болуға жауапты әрі саналы түрде қарай бастағаны айтылған. Сарапшылар некені заңды әрі келісімге құрылған одақ ретінде қабылдау басым екенін атап өтті. Жаңа Конституция жобасындағы нақтыланған жаңа бап мәселені реттеуге өзгеше мүмкіндік бергелі тұр, - дейді мамандар.

Ақнұр Иманқұл, ҚҚДИ Отбасы және гендерлік саясат саласындағы зерттеулер орталығының басшысы:

- Бұрын 27-бап болды. Қазір Конституцияда 30-бапта некенің еріктілігі, некенің ресми тіркелуі және оның ерлер мен әйелдер арасында ресми тіркелуін қолдаймыз. Біздің қоғамда әлі де отбасы және неке қарым қатынастары заңнан бөлек қоғамда үнемі қайталанатын әрекеттер нәтижесінде қалыптасып қалған практикалар, ережелер. Дала философиясы, дала заңдылықтары реттейді деп айтады ғой. Біздің Кодексте де бар бұл норма. Бірақ оның Ата заңда бекітілуі бәрі бір статусы жоғары.