Конституциялық реформа - халық пікірі. Сауалнама
Талдықорған тұрғындары да Конституциялық реформа жайлы пікір білдірді.
Жұрт Ата заңдағы өзгерістердің қоғамда кеңінен талқыланып жатқаны көңілге сенім ұялатады, - дейді. Ал мемлекеттің басты құжатын халықтың өзі референдум арқылы қабылдайтынын жақсылыққа балайды.
Сауалнама:
- «Көп өзгеріс кіргізейін деп жатыр екен. Соны халыққа талқылауға беріп отыр. Енді халық болып, ел болып жақсы нәтижесін көрейік».
- «Аталған жоба мемлекетіміздің конституциялық құрылысын дамуында ерекше рөл атқарады. Себебі бұл Конституциялық өзгерістердің негізгі мақсаты бұл ҚР Адам және азаматтардың құқықтарын қорғау және демократиялық институттардың дамуына ықпал ете алады».
- «Бұл конституцияның қабылдануы біздің еліміздің дамуына жақсы әсерін серпін береді деп ойлаймын».