Жаңатаста төтенше жағдай жарияланды

Жамбыл облысының Жаңатас қаласында дүлей дауылға байланысты төтенше жағдай жарияланды.

Таңертең басталған желдің екпіні секундына 32 метрге жетті. Салдарынан көпқабатты 10 үйдің шатыры зақымданды. Аудандық мәдениет үйі ғимаратының сырты бүлініп, шатыры ұшқан. Сондай-ақ 8 кәсіпкерлік нысаны бүлінді. Қала ішінде 2 шақырымға жуық электр желісі үзілген. 30-ға жуық ағаш құлап, 14 көлік пен 2 қоғамдық көлікке зақым келді. Мектептерде бірінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқу форматына ауыстырылды. Баспаналар демеушілер есебінен жөнделсе, зақымданған автокөліктер шығыны сақтандыру компаниялары арқылы өтеледі.

Сәкен Мамытов, Сарысу ауданының әкімі:

- Су, жылу, жарықтың барлығы берілген. Коммуникациялық мәселе жоқ. Әлеуметтік нысандардың барлығы толы аман-есен. Аудан көлемінде төтенше жағдай жарияладық. Комиссия құрамы құрылды. Қазір толық зерделеу жұмыстары аяқтады. Енді қайта қалпына келтіру жұмыстары басталып кетті.