Прокурорлар біліктілігін арттырады

Биылдан бастап өңірлердегі прокурорлардың біліктілігін арттыруға бағытталған оқытудың жаңа жүйесі енгізіледі.

Жаңартылған форматқа сәйкес, қызметтегі прокурорлар, кезең-кезеңімен қашықтан және өңірлік негізде оқытудан өтеді. Бұл туралы «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Түркістан қаласында өткен прокурорлардың кешенді профилактикасы мен басқарушылық дағдыларын, дамытуға арналған көшпелі семинар барысында мәлім болды.

Семинардың ашылуына Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры Нұрғалым Әбдіров қатысты. Ол өз сөзінде қазіргі заманғы прокурордың міндеті тек құқық бұзушылықтарға ден қоюмен шектелмей, олардың алдын алып, тәуекелдерді басқаруға және азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталуы тиіс екенін атап өтті. Ол үшін прокуратура қызметкерлері үнемі ізденіп, білімін жетілдіріп отыруы тиіс, - деді.

Нұрғалым Әбдіров, Құқық қорғау органдары академиясының ректоры:

- Кез келген прокурор өз тәжірибесіне сүйеніп, пайдалы құжат дайындап, оны академия арқылы жетілдіріп, тәжірибеге енгізе алады. Сіздер тек орындаушы ғана емес, бүкіл саланың дамуына үлес қосатын автор бала аласыздар. Кеше тәжірибе болған, бүгін білім алушы, ертең саланың дамуына бағыт беретін маман болу өз қолдарыңызда.

Сондықтан академия басшысы өзінің тиімділігін дәлелдеген, өңірде жемісті жүзеге асырылып жатқан жобаларды зерттеп-зерделеп, республика бойынша таратуды ұсынды.

Жақсыбек Қадырбаев, облыстық Прокуратураның кадр бөлімінің бастығы:

- «Қауіпсіз балалық шақ» жобасы өңірде қолға алынып, дамып келе жатыр. Ол жерде кәмелетке толмағандардың мектеп арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, мектептерге бектілген инспекторлар мен психологтардың жұмысын ұйымдастыру. Мектептегі құқық бұзушылықты жоюға бағытталған жоба. Облыс аумағында жүзеге асырып жатырмыз және республика көлемінде жүзеге асырсақ па деген ниет бар.

Мамандардың айтуынша, бүгінге дейін құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған 50-ден астам өңірлік кейс жүйеленген. Семинарда академия оқытушылары сол жобалардың тиімділігі мен ерекшелігін түсіндірді.

Авторлары: Жандос Жұмабек, Ерболат Әбіш