Қызылорда университетінде «Прокурорлық қадағалау» атты жаңа дәрісхана ашылды
Жоба облыстық прокуратура мен жоғары оқу орнының бірлескен бастамасы ретінде «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жүзеге асқан.
Негізгі мақсат – болашақ заңгерлердің теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып, кәсіби дағдыларын жетілдіру. Жаңа дәрісхана жанынан арнайы коворкинг орталығы да іске қосылды. Мұнда прокурорлардың іс қағаздарымен жұмыс істеуге арналған заманауи компьютерлік бағдарламалар орнатылған. Мамандардың айтуынша, бұл студенттердің прокуратура қызметіне тез бейімделуіне мүмкіндік береді.
Ризабек Ожаров, облыс прокуроры:
- Одан бөлек былтыр өзіміздің меморандумға қол қойылған, соның ішінде бір жоспарда көрсетілген – біз прокуратура қызметкерлері осы жерде сабақ беретін боламыз. Оған ректор екеуміз қол қойдық. Жұмыс жалғастыратын болады.