Адами капитал - басты стратегиялық бағыт

Жаңа Конституция жобасында адам капиталын арттыру мемлекеттің басты стратегиялық бағыты ретінде бекітілді.

Ел минералды ресурстардан, зияткерлік әлеу-етке бетбұра бастайды. Жаңа Ата Заң білім беру ісін ілгерлетуді, тұрғындардың тұрмыс-тіршілігін түзеп, салауатты өмір салтын қолжетімді етуді көздейді, дейді сарапшы.

Нұрбек Сапарходжаев, Рудный индустриялық университетінің басқарма төрағасы-ректоры:

- Маған адами капиталдың рөлін артқаны ұнады. Бұл алғашқы рет конституциямызда осы  адами капиталдың рөлін нығайтып, күшейтіп отыр. Адами капитал қазір осы ұлттық деңгейде маңызды бір фактор ретінде қарастырылып отырғаны  өте көңілімнен шықты. Себебі алдыңғы конституцияны қарайтын болсақ, ол жерде біздің минералды ресурстарымыз, жерасты байлықтарымыз барлығын біздің байлығымыз деп қарайтын болсақ, енді осы адами капитал байлығымыз ең маңызды байлықтарымыздың бірі деп қарастырғаны жақты.