Бас құжат – басты бағдаршам
Жаңа Конституция жобасы әділетті Қазақстанды қалыптастыруға бағытталған реформалардың жалғасы.
Ата заңдағы өзгерістер мемлекеттің басқару жүйесін жаңғыртып, халықтың билікке деген сенімін нығайтуға бағытталған. Аймақтағы ағайын жаңа Конституция жобасын қолдап, оң пікір білдірді.
Сауалнама:
- «Халыққа өзінің құқықтары мен бостандықтары мемлекет алдындағы жауапкершілігі соның бәрі айтылады. Маған тағы ұнағаны Қазақстан халқы жалғыз билік көзі ретінде көрсетілген. Ол жерде халық пен билік арасындағы сенім артады деп ойлаймын».
- «Халыққа жақсы болады деп ойлаймын. Жастарды қолдайды, қазір жастар көтеріліп жатыр. Жаңадан жұмыс орындары ашылатын шығар. Тек жақсылық болатын шығар деп ойлаймыз соған сенеміз».
- «Негізінде заңда өзгерістер керек шығар. Ең бастысы халыққа қолайлы, азаматтарымыз үшін жайлы және еліміз үшін дұрыс болса.
Жастарға әсер етсін, соларға жұмыс болып, жақсы өмір сүрсін. Енді біз болдық қой. Енді сол жастарға жақсылық болсын».