Қазақстан әлемнің 30 елімен әуе байланысын орнатты

Қазір 135 халықаралық бағытта аптасына 626 рейс қатынайды.

Былтыр әуе паркін жаңартуға ден қойылды. Бүгінде әуе кемелерінің саны 109-ға жетті.  Сонымен қатар жергілікті әуежайларды жаңғырту қолға алынды. Мәселен, Арқалық әуежайын қалпына келтіру басталды. Ал Алматы әуежайын дамыту жоспары таныстырылып, «Қорғас - Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағында әуежай салу бойынша инвестициялық келісім жасалды.