Мұқағали мұрасы

Мұқағали халқын қалай жақсы көрсе, ел-жұрты да әруағын асырып, құрмет-қошеметін аяп жатқан жоқ.

Қала, аудан, ауылдарда оның атымен аталған көшелер бар. Мұқағали Мақатаев атындағы мектептер бар. Ол туралы естеліктер, оған арналған жыр көп. Кітаптары басылып шығып жатыр. Жыр кештері өтеді. Мектептегі өскелең ұрпақ та ол туралы білуге құштар. Ал Мұқағалидың көзі тірісінде ұстаған  тұтынған дүниелері Қарасаздағы музейге жинақталған.

Тілеухан Мергенбаева, Мұқағали музейін құрған Ж.Өтеевтің жары:

- Бұл жерде ауыл көлеміндегі художник емес, облыс көлемінде қай жерде талантты художниктер бар, солар әкеп қару-жарақ, содан кейін Мұқағалидың ұстаған шақшасы деп соның бәрін әкеп, үйінен жиған дүниелер деп түгел қойып тастады. Қолжазбаларын, киімдерін, содан кейін мектепте оқыған нелерінің бәрі қойылды. Адамдар жиі келеді. Қазір автобус-автобус боп келеді. Қазір ауыл көркейді. Өте жоғары дәрежеде.