Темір жолмен жүк тасымалы 5,5% өсті
Темір жол саласында даму бар. Былтыр жүк тасымалы 320 млн тоннаға жетіп, 5,5 пайыз артты.
4,4 мың шақырымнан астам болат жол жөндеуден өтті. Жаңа жобалардың қатарында «Достық – Мойынты» теміржолының екінші желісі мен Алматы айналма жолы іске қосылғаны атап өтуге болады. Сондай-ақ «Қызылжар – Мойынты» желісінің құрылысы басталды. Техникалық паркті жаңарту мақсатында 775 локомотивті жеткізу және 124 вокзалды жаңғырту бойынша келісімшарттарға қол қойылды. Ал теңіз жолымен тасымал 7 пайыз, контейнерлік тасымал 29 пайыз өсті. Бүгінде Ақтау портында контейнерлік хаб құрылысы аяқталды. Бұл Транскаспий бағытын дамытуға ықпал етті.