Ұлттық банк Олимпиадалық монета шығарады
Ұлттық банк Миландағы қысқы Олимпиада тақырыбына арнап «Olympic Games 2026. Short Track» коллекциялық монетасын айналымға шығармақ.
Тиындар германиялық нумизматика компаниясымен бірлесе әзірленді. Монета 925 сынамалы күмістен дайындалған. Салмағы 20 грамм, диаметрі 37 миллиметр, номиналы мың теңгелік, таралымы екі мың дана. Сатуға шығарылатын күні туралы ақпарат Ұлттық банктің ресми сайтында қосымша хабарланады.