Түркістан облысында кибералаяқтықпен күрес күшейді
Түркістан облысында кибералаяқтардың арбауына түскен жәбірленушілер саны күн санап өсіп жатыр.
Былтыр өңірде интернет-алаяқтық қылмысы бойынша 843 дерек тіркелді. Салдарынан жәбірленушілерге 1 млрд 665 млн теңге шығын келтірілген. Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы мамандарының айтуынша, банк қызметкері, құқық қорғау органдары, байланыс операторлары және пошта қызметкерлеріне қатысты 340 дерек, инвестиция бойынша 98 жағдай тіркелген. Сондай-ақ тауарға немесе қызметке алдын ала төлем жасау, мессенджерлер арқылы ақша сұрау және ұтыс ойындарына алдану деректері де жиілеген.
Ермек Шәкім, Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы:
- Жүргізілген жедел іздестіру шараларының нәтижесінде жәбірленушілерге 5550 млн-нан астам шығын қайтарылды. Тіркелген қылмыстардың 35 пайызы ашылып, күдіктілер тиісті процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Осы жылдан бастап біз интернет-алаяқ қылмыстарын алдын алу мақсатында облысымыздың әрбір тұрғынның үйіне барып, ескерту шараларын жүргіземіз. Халықты ескерту мақсатында ауқымды шаралар атқарып жатырмыз.