Дрондар электр желісін тексеруге кірісті

Дрондар жоғары кернеулі электр желілерін тексеруге көшті. Арнаулы құрал қазірдің өзінде бірқатар өңірді шарлап шықты.

Бұл дрондардың кәдімгі құралдардан артықшылғы арнаулы бағдарлама орнатылып, жоғары айқындықтағы камерамен жабдықталған. Осының арқасында мамандар адам аяғы жете бермейтін немесе қауіпті тұстардағы электр желілерін қашықтан бақылап, тексере алады. Жоба әзірге пилоттық режимде іске қосылған. Өнеркәсіптік дрондар аз ғана уақытта 200-ден астам энергетикалық нысанға әуеден диагностика жүргізіп үлгерді. Нәтижесінде бақылау мерзімі едәуір қысқарып, желілердегі жасырын ақауларды анықтау әлдеқайда жеңілдеді. Енді жасанды интеллектке негізделген дефектоскопия технологиясы жетілдіріліп жатыр.

Ержан Қошқаров, ҚР Энергетика министрлігінің Цифрландыру департаментінің директоры:

- Қолданылатын негізгі құрылғыларды атап өтетін болсақ, 4 камералы өзімен ұшатын дронның камерасы арқылы дефектоскопия жасау. Оның негізгі жиналатын ақпараты фото, видео ақпараттар. Одан қоса қазіргі таңда оның  қосымша да мүмкіндіктері арттырылуда. Қосымша тепловизор, лидар технологиясы. Ол лазерлік сәулелерді атқылау арқылы белгілі бір электр жүйесіндегі сымдардың қызуын немесе көрінбейтін дефекттерді анықтау мүмкіндігін көбейтеді.