Президент энергия жүйесіне ЖИ енгізуді тапсырды

Ұлттық электр желісінің сенімді жұмыс істеуіне баса назар аудару қажет.

Үкімет келесі жылдың соңына дейін Оңтүстіктегі электр желілерін дамыту жобаларын жүзеге асырып, Батыстағы қуат жүйесін еліміздің бірыңғай ұлттық энергия жүйесімен біріктіруге тиіс. Президент заманауи цифрлық тәсілдерді енгізбесек, электр қуатын үнемдеу қиын екенін айтып, салада жасанды интеллект көмегімен онлайн-мониторинг жүргізуді жедел қолға алуды міндетті. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайды екі айдың ішінде «таза» көмір өндірісі бойынша, Ұлттық жоба әзірлеуді тапсырғанын еске салып, Қытайдың тәжірибесін ерекше атап өтті. Бейжің «таза көмірден» жалпы көлемі 55 гигаватт болатын, 85 энергетикалық блок салу жұмысын бастап кетті. Бұл – әлем бойынша көмірден алынатын энергия көздерінің 90 пайызы деген сөз. АҚШ-та көмір игеру және оны пайдалану саясатына көшетін болды.