Қ. Тоқаев: Өңдеу өнеркәсібіне басымдық беру керек

Президент өңдеу өнеркәсібіндегі өсім экспортта көрініс таппай отырғанын айтты.

Шикізатты сыртқа шығарып, дайын өнімді қайта сатып алу – экономиканың басты парадоксына айналды. Мұнайлы ел бола тұра, отын тапшылығын сезіну де осы жүйелі олқылықтардың салдары екеніне де тоқталды. Осы орайда Президент Үкіметке жаңа мұнай өңдеу зауытының құрылысына қатысты байыпты шешім қабылдау қажеттігін тапсырды.