Биыл Атырау облысында жаға бекіту жұмыстары жалғасады

Биыл Атырау облысы Махамбет ауданында Талдыкөл және Бейбарыс ауылдарын тасқын судан қорғау үшін 9 шақырымдық жағалау бекітіледі.

Сондай-ақ былтыр басталған аудан орталығы мен Алға ауылындағы жаға құрылысы аяқталды. Ауылдардың өзен жақ бетіне 3-4 метр биіктікте бөгет соғылып үстіне жаяу жүргіншілер жолы салынды. Осы мақсатқа республикалық және жергілікті бюджеттен 16 млрд теңге қаражат бөлінген болатын. 2024 жылы Жайық өзені аталған аудандағы 11 ауылдық округке қауіп төндірген еді. Осыған орай Жайық өзеніне таяу орналасқан 7 ауылға қорғану бөгеттер салу жоспарланған. 

Қайрат Нұрлыбаев, Махамбет ауданының әкімі:

- Қазіргі уақытта Талдыкөл және Бейбарыс ауылдары Жайықтың жағасында болғанан кейін былтыр тасқын су қауіп төндірген. Соған байланысты жоба жасақтағанбыз. Ол жоба 4,6 млрд-ты құрайтын Талдыкөл ауылының жобасы биыл қаржы бөлініп, басталды қазір жұмыстары. Оған қосымша тағы да 3 ауылдың жаға бекіту жұмыстарына жобалық сметалық құжаттамасын жасақтауға қаржы бөлдік.