Қайым Мұхамедханов: тағдыр мен тағылымға толы 110 жыл

Елордада қазақ ғылымының абызы, мемлекеттік сыйлықтың иегері және Қазақ КСР Гимнінің авторы Қайым Мұхамедхановтың 110 жылдық мерейтойына арналған «Қайым Мұхамедханов – адал азамат, тарихи тұлға» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Алқалы жиын барысында Қайым Мұхамедхановтың қазақ руханиятына қосқан өлшеусіз үлесі тағы бір мәрте сараланды. Конференция аясында ұйымдастырылған «Қайым Мұхамедханов: тағдыр, тағылым, тұлға» атты кітап көрмесі көпшіліктің ерекше қызығушылығын тудырды. Көрмеге ғалымның өмір жолынан сыр шертетін сирек архивтік құжаттар, қолжазбалар мен оның қаламынан туған 1000-нан астам ғылыми еңбек қойылды. Жиынға отандық зиялы қауым өкілдерімен қатар Әзербайжан, Башқұртстан және Татарстаннан арнайы келген ғалымдар қатысты. Бұл Қайым Мұхамедханов мұрасының тек Қазақстан шеңберінде емес, бүкіл түркі әлемі үшін ортақ қазына екенін тағы бір дәлелдеді.

Айгүл Ісмақова, Алаштанушы ғалым, профессор:

- Біз қызметтес болдық. 1991 жылдан бастап, 1995 жылға дейін Абайдың 2 томдық шыққан кезде басшы текстолог болып, Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер университетіне келді. Үлкен ғалым, Алаштың көзін көрген ізбазар. Алаштану, Абайтану, Шәкәрімтану, Әуезовтанудың басында тұрған, текстология деген ғылымды қалыптастырып берген Қайым Мұхамедхановтың 110 жылдығына арналған ғылыми конференция өтіп жатыр.