Елде өндіріс орындарына тексеріс күшейеді
Елімізде соңғы үш жылда өндіріс орындарында 64 апат тіркелген. Ал 87 жұмысшы жұмыс орнында жап тапсырған.
Жазатайым жағдайлардың басым бөлігі тау-кен саласы мен мұнай газ өндіру саласында орын алған. Ал осы уақыт аралығында жарақат алған жұмысшылардың саны 73-ке жеткен. Төтенше жағдайлар министрлігі енді өндіріс орындарындағы осындай қайғылы жағдайларды болдыртпас үшін жаңа жүйеге көшпек. Бұдан былай қауіпті деп танылған және техникалары ескірген кәсіпорындар жыл сайын тексерілетін болады. Сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілеріне бұрынғыдай бір ай бұрын хабарлама жіберілмейді. Мамандар бір күн бұрын ескертіп, келесі күні тексеріс жүргізу құқығына ие болып отыр. Қауіпсіздік талаптарын бұзғандар бірден әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Ерболат Садырбаев, ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі:
- Екіншіден, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында реттеушілік құралдар мен талаптарды енгізуге дейін де, енгізілгеннен кейін де реттеушілік әсерді талдау жүргізу талаптары алып тасталды. Бұл қауіпсіздік мүддесінде қажетті шараларды жедел қабылдауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге өндірістік бақылауға маңызды рөл беріледі. Бақылау мен қадағалау субъектілерінің барлығы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында өндірістік бақылау қызметтерін құруға міндетті.