Swat Challenge жеңімпаздары елге оралды. LIVE
Жаһандық жауынгерлер жарысының жеңімпаздары елге оралды.
Дубайда өткен Swat Challenge бәсекесінде отандық арнайы жасақ өкілдері қарсылас шақ келтірмей, алғашқы екі орынды қанжығасына байлаған еді. Міне, дәл қазір әлемдік аламанда ат шаптырған батырлар туған жерге келіп, жеңісін жерлестерімен бөлісіп жатыр. Әмірліктен көтерілген ұшақ Астанаға қонды.