Геологиялық зерттеу деңгейі артты
Геологиялық барлау бойынша батыл қадам жасалды.
Биыл жер қойнауын зерттеу көлемін 2 млн 200 мың шаршы шақырымға жеткізу жоспарланған. Бұл туралы геология комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қанат Ерубаев айтты. Былтырғы іздестіру жұмысының нәтижесінде 29 әлеуетті алаң анықталды. Енді сол учаскелерден алтын, мыс, қорғасын, мырыш және басқа да пайдалы қазбалар алу ғана қалып тұр. Ал шаруаны ширату үшін қазір геологиялық картографиялау халықаралық стандартқа көшіріліп жатыр. Демек, кен орындарын айқындау масштабы бұрынғыдай 200 мыңнан 50 мыңға қысқарады. Бұл әлеуетті учаскелерді анықтау ықтималдығын арттырып, геологиялық қауіп-қатерді төмендетеді. Мысалы, Арал шөгінді бассейні аумағында мұнай мен газды барлауға арналған 20-дан астам кен орны белгілі болды. Алдағы 3 жылда мемлекеттік геологиялық зерттеуге шамамен 240 млрд теңге қарастырылып отыр.
Дамир Көбенов, ҚР ӨҚМ Геология комитеті төрағасының орынбасары:
- 240 млрд-қа алдын ала барлау жүргіземіз. Сосын сол алдын ала барлаудың мәліметтерін біз мемлекет атынан сатамыз. Аукцион арқылы. Оны жеке инвестор сатып алады да, тереңірек барлауға көшеді. Сосын тереңірек барлауды запасқа қояды, сосын барып, добычаға көшеді. Алдын ала барлау жүргіземіз мемлекет атынан сол табылған нәтижесін аукцион арқылы 10-20 есе болып бюджетке қайтады.