Петропавлдықтар жаңа Конституция жобасын қолдайды. Сауалнама

Жаңа Конституция жобасын солтүстік қазақстандықтар да қызу талқылап жатыр.

Өңірде түрлі деңгейдегі кездесулер ұйымдастырылып, жаңа жобаны түсіндіру топтары құрылды. Олар қарапайым тұрғындардың ұсыныс-тілегін тыңдап, маңызды құжатқа қатысты жан-жақты мәлімет береді.

Сауалнама

- Конституциядан менің күтетінім – жастар оны жалпы қолдайды. Және де біздің жастар арасында әділеттілік және де жалпы азаматтар арасындағы әділеттілікті күтемін деп ойлаймын және қолдаймын оны.

- Бұл енді көптен күткен жағдай. Біз енді оны қашан да айтқан болатынбыз. Мына жаң заман, «Әділетті Қазақстан» деген сияқты сол кезде біз ойлаушы едік, енді Ата заңға өзгерістер керек шығар деп. Сол енді мынандай жоба жарияланғаннан кейін аға буын өкілдері өз ұсыныстарын айтып жатыр.

- Қазіргі таңда жастардың арасында көптеген зиянды әрекеттер болып жатыр. Соның шектеуі ретінде қазір «Заң мен тәртіп» ол басты мақсат ретінде көп жерде жарнама ретінде ілініп жатыр. Ол жастарға үндеу ретінде де қолданылып жатыр. Ал қазіргі жаңа Конституция ол қазіргі заман талабына сай өзгеріп отыруы керек.