Өскеменде «Біз жаңа халықтық Конституция үшін» форумы өтті
Өскеменде «Біз жаңа халықтық Конституция үшін» атты республикалық жастар форумы өтті.
Оған «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігінің өкілдері қатысты. Елдің 17 облысынан жиналған қыз-жігіттер ашық алаңда пікір алмасып, маңызды реформа жайында әңгімелесті. Айтуларынша, жаңа Конституция жобасында адам құқығы мен бостандығына, этносаралық келісімге, мемлекет мүддесіне айырықша мән берілген. Басқосуда «Көшбасшылар мектебі» атты жастар жобасы жұмысын бастады. Бұл ұйым мүшелері алдағы уақытта жасанды интеллект, шешендік өнер, қаржылық сауаттылық бағытында түрлі тренинг ұйымдастырады. Форум аясында жергілікті жастар қала қонақтарын өлкенің туристік әлеуетімен таныстырады.
Берік Сәрсеков, облыстық «Ассамблея жастары» ҚБ төрағасының орынбасары:
- Республикадан келген қатысушылар қаланың көрікті жерлеріне экскурсияға барады. Қала сыртындағы да әдемі орындарды көрсету үшін бағдарлама қарастырылған. Қазіргі таңда 40-қа жуық қатысушының басын қосып, осы жобаны өткізіп жатырмыз.