Бастапқы нарықтағы баспана бағасы қымбаттады
Биылғы қаңтарда баспана бағасы қымбаттап, нарықтағы сауда бәсеңдеді. Halyk Finance сарапшыларының мәліметінше, бастапқы нарықтағы баға бір жылда 17 пайызға өскен.
Өңірлер бөлінісінде ең жоғары өсім 23,6 пайызбен Алматы қаласында байқалды. Кейін Павлодар, Ақтөбе және Астана қалалары тұр. Мұнда процент 18-ден асады. Ал Шымкенттегі тұрғын үйлер бағасы 15,1 пайызға артқан. Тек Петропавлда баспана құны өзгеріссіз қалыпты.
Алматы 23,6%
Павлодар 18,5%
Ақтөбе 18,4%
Астана 18,1%
Шымкент 15,1%
Баспана нарығында белсенділік төмендеді
Баспана нарығындағы белсенділік те төмендеді. Сарапшылар зерттеулеріне сүйенсек, өткен айда 27,7 мың мәміле жасалыпты. Бұл былтырғы қаңтар айымен салыстарғанда 10,3 пайызға аз. Мәмілелердің 78,3 пайызы – көпқабатты үйдегі пәтерлерге тиесілі. Бір бөлемлі пәтерге қатысты 8200 келісім, ал екі бөлмелі пәтерлер бойынша 8100 мәміле жасалған.
27,7 мың мәміле жасалды
78,3% мәміле көпқабатты үйдегі пәтер
8200 мәміле бір бөлмелі пәтер
8100 мәміле екі бөлмелі пәтер