Алматы облысында жер сілкінді

Алматы облысында жер сілкінді. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан шығысқа қарай 74 шақырым  жерде орналасқан.

Бұл туралы Сейсмологиялық зерттеу институты хабарлады. Ресми деректерге сай, жер асты дүмпуі 15:11-де тіркелген. Төтенше жағдайлар министрлігінің дерегінше, Алматыда жер сілкінісі 2 балл болды, ал Алматы облысында 2-ден 4 баллға дейін жеткен. Зардап шеккендер жоқ. Қазір мамандар ақпаратты өңдеп, мән-жайды нақтылап жатыр.