Алматыда жер сілкінісі тіркелді

Алматыда 2 баллдық жер сілкінісі сезілді. Жерасты дүмпулері Астана уақытымен 15 сағат 9 минутта тіркелді.

Табиғи құбылыстың ошағы мегаполистен шығысқа қарай 74 шақырым жерде Солтүстік Тянь-Шань тауларында орналасқан. Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында, нақтырақ айтқанда, Есік және Түрген елді мекендері маңында жер сілкінісінің қуаты күштірек сезілді. Бұл аумақта 4 балдық жерасты дүмпулері тіркелді. Ақпаратты Ұлттық сейсмикалық зерттеулер және бақылаулар ғылыми орталығының мамандары зерттеуде. Өзара іс-қимыл алгоритміне сәйкес, жер сілкінісі туралы мемлекеттік органдарға хабар берілді. Тербеліс ошағына жақын жерлердегі нысандардың зақымдануы бойынша мониторинг жүргізілуде. Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, зардап шеккендер мен нысандарың бүлінуі туралы ақпарат жоқ.