Қазақстан – әлеуметтік мемлекет

Конституция – қазақстандықтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың ең жоғары құқықтық негізі. Бұл құжат барлық заң мен сот шешімдерінің іргетасы.

Ал жаңа Ата заңымыздың жобасында Қазақстанның әлеуметтік мемлекет екендігі жазылған. Яғни билік үшін бұқараның амандығы, оның әлеуметтік әлеуетінің жақсаруы, қауіпсіздігі басты назарда деген сөз. Кез-келген құжат, құрылым осы қағидатты басшылыққа алады. 

Серік Ақылбай, «Қазақстан заңгерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

- Біздің жаңа Конституциямыздың жобасы өте адам құқығына, адамның бостандығына, жалпы адамға бағытталған. Бірінші заңнан бастап, кіріспеден бастап, аяғына дейін бізбен өтеді. Оның денсаулығы, оның бостандығы, оның еңбекке құқығы барлық түгел айтылып өтеді. Оның тұратын үйінен шығарған кезде соттың шешімі болса да, үйдің шығару мәселесін ерекше бөлініп отыр. Яғни барлығы сот арқылы болу керек.