Ақтөбеде жасанды интеллект мүмкіндіктері талқыланды

Кітапханашылар жасанды интеллектті игеріп жатыр.

Ақтөбедегі Сақтаған Бәйішев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада «Жасанды интеллект және адамзат болашағы» тақырыбында ақпараттық сағат өтті. Шарада студенттер мен жас кітапханашылар цифрлық көмекшінің білім беру саласындағы қолдану аясын талқылады. Қазір кітапхана қорындағы 300 мыңнан  астам кітаптың 80 пайызға жуығы цифрландырылған. Мамандар жасанды интеллекттің көмегімен оларды көпшілікке қолжетімді ете түсуді көздейді.

Айзада Өтешева, С. Бәйішев атындағы облыстық Ғылыми-әмбебап кітапханасының сектор меңгерушісі:

- Жасанды интеллектке біз көп көңіл бөлеміз. ЖИ арқылы кітаптарды комикс сияқты «мультяшный» түрде шығаратын боламыз. Бұл дегеніңіз кітапхананың жаңашыл, жаңа технологияға біз де өзіміздің қадамымызды басып, дамып келе жатқанымызды көрсете аламыз. Күнделікті сабақта да, пән мұғалімдері де болсын, кітапханашылар болсын ЖИ жұмысына енгізуі керек.