Алматы облысында орманшыларға жаңа техника берілді

Алматы облысында Орман шаруашылығы мекемелеріне жаңа техника берілді. Бұл жолы лизингпен 19 техника алынды. 

Жартысы орман қорын молайтуға арналған арнайы техника болса, қалғаны өрт сөндіретін шағын кешендер. Облыстың орманды алқаптарында былтыр 53 гектар жер өртеніп, мемлекетке 1 млн теңгеден астам шығын келді. Жаңа техника орман қорын сақтап,  молайту және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жеңілдетеді.  Былтыр орманда тұтанған өртті тез анықтауға арналған 18 бейнекамера қойылды. Бұл мақсатқа жергілікті қазынадан 306 млн теңге жұмсалды. 

Қанат Нүсіпбаев, облыстық Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы:

- Бұл кейінгі 2022 жылдармен салыстырсақ, өрттің көлемдері соңғы 3-4 жылдың ішінде бізде 14 есеге азайды. Бұл өрттің азаю себептері бізде осы орман шаруашылығына көңіл бөлініп, осындай өртке қарсы құрал-жабдықтар, техникалар алынып берілуінің арқасында осындай көрсеткішке жетіп отырмыз.

Дастан Сағымбаев , «Қарадала орман шаруашылығы» КММ механигі:

- Бізге өрт сөндіруге беріліп жатқан техникалар өте қолайлы. Жеңіл-желпі, үлкен машиналар кіре алмайтын жерлерге біздің жеңіл техникаларға кіріп-шығып өрт сөндіруге өте қолайлы.