Астанада «Түркі әлемінің балалар ойындары» халықаралық фестивалі өтті
Астанада «Түркі әлемінің балалар ойындары» халықаралық фестивалі өтті. Ауқымды шара барысында қатысушылар асық ату, ләңгі тебу, орамал тастамақ сынды сайыстарда өзара мықтыларын анықтады.
Тек күш сынастырып қана қоймай, білім бәйгесіне де қатысты. Мұндағы мақсат балаларға түбі бір түркі халықтарының дәстүрлі ойындарын дәріптеу. Оларды білім беру тәжірибесіне енгізу жолдарын қарастыру. Фестивальге еліміздің 20 өңірінен мұғалімдер арнайы шақыртылды.
Жібек Нұржан, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің бас сарапшысы:
- Семинар - тренинг аясында өтіп жатқан қазіргі шара қазақ мәдениетіндегі балаларға арналған 10 түрлі ойынды көрсетіп, түрік мемлекеті делегациясы ішінен төртеуін таңдап алады. 2026 жылдың сәуір айында өткізілетін Стамбулдағы шараға біздің балаларымызды шақыруда.