Жол ережесін жиі бұзатындар жеңілдіктен қағылады
Елде жол ережесін бұзғаны үшін салынатын айыппұлдарға 50% жеңілдік жасалмауы мүмкін. Сенатор Марат Қожаев премьер-министрге осындай ұсыныс тастады.
Алайда бұл барлық жүргізушіге қатысты емес. Тек жол ережесін жиі әрі өрескел бұзатындар үшін. Статистикаға сүйенсек, көлік тізгендеушілер жылына орта есеппен 300-ден астам бұзушылық жасайды. Қожаевтың сөзінше, депутаттың бұл ұсынысы Үкімет басшысы тарапынан қолдау тапқан.
Марат Қожаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Мен бір жыл ішінде жол ережесін 10 реттен көп бұзған адамды осы жеңілдіктен айыруды ұсындым. Яғни бір жылда 10 құқықбұзушылықтан кейін 11-ші, 12-ші, 13-ші рет қайталанса, толық көлемде айыппұл төлеуі тиіс.