Балқашта көпқабатты үйдің кіреберісі тұтас опырылып түсті
Зардап шеккендер жоқ. Үйдің бұл бөлігі бұған дейін апатты деп танылып, тұрғындары алдын ала көшірілген.
Қазір коммуналдық мекемелердің жұмысшылары мен төтенше жағдайлар қызметі үйіндіні тазалап жатыр. Ғимарат қоршалып, инженерлік желілерден ажыратылды. Әкімдік өкілдері үйдің қалған бөлігіне сараптама жасалатынын айтты. Үй тұруға жараса, қабырғасы мен іргетасы нығайтылатын болады дейді.
Руслан Сыздықов, қала әкімінің орынбасары:
- Оқиға таңғы сағат 08.30-да болды. Бұл кіреберіс апатты жағдайда болған соң, адам тұрмайтын. Қазір мұнда Төтенше жағдайлар басқармасынан 30 адам мен 3 техника жұмыс істеп жатыр. Барлық жұмыстар бақылауда.