Цифрлық қауіпсіздік Ата Заңмен қорғалады

Жаңа Конституция жобасында адами капиталды дамытуға, яғни ғылым, білім және инновацияға басымдық берілген. 

Сондай-ақ алғаш рет азаматтардың құқығын цифрлық ортада қорғау туралы норма бекітілді. Ел тұрғындары «Технология күн санап дамыған заманда цифрлық қауіпсіздік ерекше назар аудару дұрыс шешім» дейді. Ата Заңның жаңа жобасындағы тағы қандай басымдықтар көптің көңілінен шықты? 

БЛИЦ

- Унитарлық туралы преамбулада сөз айтылып жатыр ғой. Бұл не үшін айтылып жатыр? Бұл біздің қазіргі күнгі жағдайымызды бейнелейтін сөздер деп есептеймін. Өйткені Қазақстан унитарлы мемлекет деген сөз, ол бір орталықтан басқарылатын мемлекет, бір заң жүйесі бар, баршаға ортақ азаматтығы бар ел деген сөз. Яғни бізге саяси тұрақтылықты, бірлікті сақтау керек. 

- Жаңа конституцияда мемлекеттік тілдің мәртебесі өте айқын көрінген. Оның біріншісі жалпы мәтіні де қазақ тілінде әзірленген. Ол дегеніміз Қазақстанның мемлекеттік тілінің дамуы, оның әріқарай өркендеуі, қарым-қатынас тілі ретінде қалыптасуы және ұрпаққа сол тілді сақтау ретінде көрсетілген. 

- Фишинг дейміз, кибершабуыл дейміз, мошенниктер дейміз соның бәрінен қорғау үшін сол талаптан туындады ғой осының барлығы. Себебі Ата Заң болғаннан кейін халықты, азаматтарды қорғауы тиіс. 

- Цифрлық құқықтардың қорғалуы әр адамдардың жеке басындағы қауіпсіздікті,қолсұғылмаушылықтардың барлығын қауіпсіздігіне тең мүмкіндіктермен қамтамасыз етеді. Бұл норма адамдардың мемлекетке деген сенімділігін арттырады.