Жаңа Ата Заң жобасында адам құқығына басымдық берілген
Жаңа Конституция мәтінінің өзегінде формалды құқықтық терминдер емес, ең алдымен Адам, оның құқықтары мен қажеттіліктері тұр.
Құқық саласының сарапшылары осындай пікірде. Конституцияның адамға бағдарлануы оны азаматтар мен мемлекеттік органдардың құқықтары мен міндеттері арасындағы нақты тепе-теңдікті белгілейді. Конституциядағы жеке меншікке қол сұқпау, заң алдындағы теңдік нормалары заманға сайластырылған.
Сырым Августханұлы, ҚР Бас прокуратурасы жанындағы құқық қорғау органдары академиясының доценті, PhD:
- Жаңа Конституция жобасындағы заң мен тәртіп үстемдігі ол құқықтық мемлекет құрудың бірден бір негізі. Ол әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтары. Заңды мүдделерінің сақталуы, қорғалуы. Қоғамда әділеттілік қалыптастыруда, яғни әділетті қоғам қалыптастыруда және мемлекеттің тұрақты дамуына бағытталған. Заң бәріне ортақ. Ол бәрінен жоғары болған жағдлайда ғана декмокартиялық мемлекет қалыптасады.