Ғалымдар жаңа Конституция жобасы жайлы ой бөлісті

Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті. 

Жиында «Әділетті Қазақстан», «Таза Қазақстан», «Адал азамат», «Заң мен тәртіп», «Бірегей қоғам» ұғымдарының Ата Заңдағы көрінісі жан-жақты талқыланды. Халық қалаулылары конституциялық реформалардың басты мақсаты азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту, қоғамдағы жауапкершілік пен ашықтықты арттыру екенін атап өтті. Іс-шараға Парламент Сенатының депутаттары, белгілі ғалымдар мен сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысты.

Дархан Қыдырәлі, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Әрине енді тек қана жоғары оқу орындары ғана емес, ғалым болғаннан кейін Алматыда, Түркістанда және осындағы жоғары оқу орындарына арнайы өзім таңдап келіп отырмын. Сонымен қатар еңбек ұжымдары, құқық қорғау органдары бар, жалпы қарапайым халықпен кездесу, түрлі еңбек ұжымдарына бару соның бәрі қамтылған. Негізі тек қана жабық есік талқылауларына ғана емес, ашық талқылауға біз әрқашан дайынбыз.