Жаңа Конституция жобасындағы ғылымның рөлі қандай?

Ғылыми-технологиялық саланы өркендет мемлекет дамуындағы басты бағытқа айналуы тиіс. «SARAP» клубының мүшелері осындай ой-пікірде. 

Сарапшылар жалпыхалықтық референдум қарсаңында жаңа Конституция жобасындағы ғылым мен білімнің рөлін талқылады. Бұдан бөлек, ғылым мен кәсіби біліктіліктің де қоғамдағы рөлі сөз болды. Жиында Қазақстандық қоғамдық даму институтының жүргізген әлеуметтік зерттеулері жарияланды. Қатысушылар өз ойларын ортаға салып, ұсыныс тіліктерін білдірді. 

Риззат Тасым, қазақстандық Қоғамдық даму институты қоғамдық үдерістерді зерттеу орталығының басшысы:

- Референдумға ұсынылған Конституция жобасында Преамбуланың өзінде «мәдениет және білім, ғылым және инновацияға басымдық бере отырып» деп нақты осы бағдарды айқындаған. Одан бөлек, ғылымға қатысты, әсіресе, интеллектуалды жекеменшіктің қорғалатынына қатысты нормалар енгізілген болатын. Әсіресе білесіздер биылдың өзінде ғылымға қатысты жаңа заң жобасы заңналамық жоспарда бар. Сондықтанда бүгінгі барлық ұсыныстар осы заңнаманың жетілдіруіне себеп болады деп есептейміз.